Заңдастыру
Қазіргі заманда әлем елдері арасындағы шектер жойылып, шетелде өмір сүруді қолайлы әрі қол жетімді етуде.
Шетелде толыққанды жүру үшін бар болғаны - түрлі орындарға ұсынуды талап ететін құжаттар заңдастырылуы қажет.
Түрлі құжаттар түрліше заңдастырудан өтеді, көбісі баруы жоспарланып отырған елмен байланысты болып келеді. Егер мемлекет Гаага конвенциясын мойындаса, әр құжатқа апостиль қою жеткілікті. Егер де баруы жоспарланып отырған мемлекет бұл конвенцияны қолдамаса, онда заңдастыру консулдық болуы қажет. Заңдастырудың барлығында дерлік құжаттардың нотариаттық куәландырылуы талап етіледі.
Біздің компания өзінің клиенттері үшін кез келген заңдастыру түрін жасауға көмектеседі. Біз қысқа мерзімде орындалатын, операцияның айқын заңды кепілдігі бар сапалы қызметтерді ұсынамыз. Біздің құжаттар кез келген шетелдік ұйыммен және мекемемен міндетті түрде қабылданатын болады, себебі ресімдеу барлық халықаралық және жергілікті ережелер мен келісімідерді сақтай отырып жүргізіледі.
ҚҰЖАТТАРДЫ ЗАҢДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Құжаттарды заңдастырудың негізгі екі түрі бар - "Апостиль" мөртабанын қою мен консулдық заңдастыру. Заңдастыру түрін таңдау құжаттың тапсырылатын елге, яғни ондағы ресми органдарға байланысты болып келеді.
"Апостиль" (кейде бұл процедураны «жеңілдетілген заңдастыру» немесе «апостильдеу» деп атайды) 1961 жылы 5 қазанда Гаага конвенциясына қосылған елдерге құжаттарды жіберу үшін қолданылады, ол консулдық заңдастыруды талап етпейді және жеңілдетілген заңдастыру -"Апостиль" мөртабанын қою процедурасын енгізеді.
Жеңілдетілген заңдастыру деп аталуының себебі, бір жағынан апостильдеу тез және бір ғана уәкілетті органмен жасалады, және де көп уақыт пен қаражатты қажет етпейді, екінші жағынан құжат Гаага конвенциясына қосылған барлық елдер аумағында заңды күшке ие болады.
Егер де Сіз құжат дайындап жатқан ел Гаага конвенциясына қосылмаған болса, консулдық заңдастыру кажет етіледі. Бұл айтарлықтай күрделі процедура, ол құжатты мемлекеттік нотариуста, Әділет министрлігінде және Сыртқы істер министрлігінде куәландыруды қамтиды. Бұл ретте құжат заңдастырылуы жүргізілетін елде ғана заң күшіне ие болады.
Қандай жағдайларда заңдастыру талап етілмейді?
Тек қана үш жағдайда ғана талап етілмейді:
- Сіз құжатты ұсынатын мекеме бұны талап етпесе; қойылатын талапты күнібұрын анықтаңыз;
- Сіздің еліңіз бен құжат ұсынылатын ел арасында заңдастыру талабын алып тастаған екіжақты шарт жасалған болса;
- Құжатты заңдастыру оның түрі/сипаты/ сипаттамасы себепті мүмкін болмаған жағдайда.
Қалған жағдайларда құжатты шетелге жіберу үшін оның заңдастырылуы міндетті түрде болуы керек.
Аударма көшірмесіндегі апостильдің артқы жағындағы мәтін
Түпнұсқа көшірмесіндегі заңдастырудың артқы жағындағы мәтін