• Бас бетке
  • Русский
  • English
  • Кыргызча
  • Қазақша
  • Azərbaycan
  • Ўзбекча
  • Uzbekcha
  • Deutsch
  • Белару́сский
  • Latviešu valoda
  • 中文
  • العربية

GMC

БIЗДЕГI МАНСАП

Құрметті аудармашылар,

 «GMC Translation Service» Аударма орталығының жұмысы 1995 жылдан бастап сәтті дамып келеді.

Біз өз қызметімізді үнемі кеңейтудеміз, сондықтан да біз жобалық жазбаша, ауызша аудармалау мен редакторлау саласында тәжірибелі мамандар тартуға әрқашан да ынталымыз. Назар аударсаңыз, біз үшін Сіздің орналасқан орныңыздың маңызы жоқ, біз әлемнің түрлі елдерінде орналасқан аудармашылармен, редакторлармен қашықтықтан жұмыс жасаймыз.

Қызметкерлер – біз үшін ең құнды құндылық, олар компанияның қарқынды дамуына жағдай жасаса, кәсіпқой командалардың жөнге салынған өзара іс-қимылы мен ұсағына дейін ойластырылған технология аудармаларды қысқа мерзім ішінде сапалы жасауға мүмкіндік береді.

Егер де Сіз біздің мықты командамыздың бір бөлігі болғыңыз келсе,

Егер Сіз шетел, және де ең бастысы орыс тілін жетік меңгергеніңізге сенімді болсаңыз, өз күшіңізді сынап көріңіз – тестілік аударманы орындап көріңіз.

Егер Сіз біздің агенттікпен штаттан тыс аудармашы/редактор ретінде әріптестікте болуға ынталы болсаңыз, Сізге:

  • сауалнама толтыру;
  • аударма қызметі саласында жұмыс өтіліңізді растайтын толық түйіндемені ұсыну;
  • лингвистикалық білім туралы диплом көшірмесін ұсыну;
  • Сіздің мамандануыңыз бойынша бір беттік тестілік аударманы қос тілде орындау;
  • жұмыс шарттарымен мұқият танысып шығу қажет болады.

Сауалнама мен тестіні бір уақытта жіберуіңізді сұраймыз. Саулнамасыз немесе тестілік аудармасыз хаттар қарастырылмайтын  болады (тестілері сайтта көрсетілмеген сирек тілдермен жұмыс жасайтын кандидаттардан түсетін хаттарды қоспағанда).

Агенттік келіп түскен хаттарға түсінік бермеуге және тестілік аудармаларға  қойылған талаптарға жауап беретін кандидаттармен ғана байланысу құқығын өзіне қалдаратынына назарыңызды аударамыз.

Егер Сіз бізде жұмыс жасағанды жөн көрсеңіз, онда gmc_vacancy_gmc@mail.ru электрондық поштасына қажетті барлық материалдарды жіберсеңіз болады.

Біз Сізді «GMC Translation Service» орталығында күтеміз!