• Бас бетке
  • Русский
  • English
  • Кыргызча
  • Қазақша
  • Azərbaycan
  • Ўзбекча
  • Uzbekcha
  • Белару́сский
  • Deutsch
  • Latviešu valoda
  • 中文
  • العربية

GMC

Құрылымы

 «GMC Translation Service» Аударма Орталығы – бұл бізді аударма қызметтері нарығында басқа компаниялардан едәуір айрықша ететін, мүлде жаңа көзқарас, аударма ісінде кеңселердің өзара іс-қимылының жаңаша құрылысы, еңбекті ұйымдастырудың тың нысаны мен материалдарды өндеу.

 «GMC Translation Service» Аударма Орталығының негізгі қағидаты – аударманың жоғары сапасын қамтамасыз ету – басқарушылық, аудармашылық және редакторлық тәжірибелердің синтезі арқасында қол жеткізіледі. Біз бұл салада қызметкерлердің рөлі қаншалықты маңызды екенін жете түсінеміз. Сондықтан да Аударма орталығының қызметкерлері  жоғары білікті мамандар болып келеді. Іріктеудің көпсатылы жүйесі бізде жұмыс істейтін адамның Кәсіби маман екенін және айтарлықтай мөлшерде ынталы екендігін бізді сендіреді.

Барлық кеңселер өзара іс-қимыл жасаудың және процестерді басқарудың PARALAX бірегей жүйесіне қосылған. 

http://gmc-translation.com/upload/fotos/struktur_2.jpg «GMC Translation Service» кеңселері түрлі елдерде орналасқанына қарамастан, жұмыста олар кез келген мерзімде кез келген тақырыптағы кез келген көлемдегі материалдардың аудармасын қамтамасыз ететін тұтас қуатты тетігі ретінде өзін танытады. Компанияда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін аудармалардың сапасы саясаты қолданылады, соның арқасында біз одан әрі жетіліп келеміз.

Компанияның ерекше ұйымдастырушылық құрылымы Сіздің тапсырысыңызды орындаудың әрбір сатысында компанияның ең құзыретті қызметкерін тартуға мүмкіндік береді және Сізге белгілі бір қолайлы жағдайлар туғызады.

  «GMC Translation Service» Аударма Орталығы мынадай бөлімдерден құралады:

  •  клиенттермен өзара іс-қимыл жасау бөлімі;http://gmc-translation.com/upload/userfiles/image/11872.png
  •  клиенттермен жұмыс жасау бөлімі;
  •  тапсырыстарды үлестіру мен үйлестіру бөлімі;
  •  аудармалар бөлімі;
  •  мәтінді беттеу, теру және түзету бөлімі;
  •  куәландыру және заң қызметі бөлімі;
  •  IT мамандар мен графикалық өңдеу бөлімі;
  •  курьерлік жеткізіп беру бөлімі;

1) Клиенттермен өзара іс-қимыл жасау бөлімі мынадай түрлі тәсілдерді қолдана отырып, біздің компаниямызға хабарласу мүмкіндігін ұсынады:

  • сайтта көрсетілген біздің кез келген кеңселеріміздің біріне хабарласу;
  • сайттан тегін қоңырау шалу;
  • бізге скайпқа жазу;
  • http://www.mynumer.com/ сайтында тіркеліп, 901010 профилін достарға қосып, тапсырыс қалдырып 5% жеңілдік алу;
  • Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілері арқылы жазу.

Бұл бөлімнің қызметкерлері Сізді қызықтыратын сұрақтар бойынша толық ақпаратты ұсынады, мекенжайыңыз бойынша қандай кеңсеге барғаныңыз жөн болатынын, Сіздерден алғыстарды, шағымдарды, ұсыныстарды қабылдайды. Бұл бөлім бастапқы кезеңде Сіздермен жасалатын қатынастардың барлық поцестерін қиыстыруға жауап береді.

2) Клиенттермен жұмыс жасау бөлімі Сіздермен өзара іс-қимыл жасаудың сапасына жауап береді. Әрбір клиентке жеке-дара менеджер тағайындалады, ол Сіздің тапсырысыңызды бастан аяққа шейін орындауды жүргізеді.

Сіздің менеджеріңіз:

  •  тапсырысты орындау барысында ескерілуге жататын ұсыныстарды назарға алады;
  •  тапсырыстың жалпы құнын есептейді; 
  •  өтінімді орындайды;
  •  орындау мерзімін анықтайды; 
  •  Сіздің тапсырысыңыз үшін басым бағыттарды айқындайды (яғни тақырыптарды -  техникалық, заң, медициналық және т.с.с.); 
  •  Сізге маңызды болып табылатын сұрақтарды анықтайды– ауызша аудармашылардың  қызметі қажет етіледі ме, курьерлер талап етіледі ме және т.б.;
  •  төлем жүргізу үшін қаржылық құжаттарды әзірлейді

3) Кейін Сіздің тапсырысыңыз Тапсырыстарды үлестіру мен үйлестіру бөліміне жолданады. «GMC Translation Service» үйлестірушілері жоғары лингвистикалық білім иелері болып келеді,  сондықтан да олар  аударма үшін лайықты орындаушыны сауатты түрде таңдап береді. Барлық процесс үйлестірушінің мұқият бақылауында болады – қажет етілетін жағдайда аударма барысында ол аудармашыға мамандарды жұмылдырмағанда оның өздігімен шешуге қиын болып келетін – мәтін ерекшелігін ескеру, қысқартуларды, аббревиатураларды нақтылау, графикалық элементтер, кестелер, ерекше бағдарламаларды қосу сияқты сұрақтар бойынша  көмек көрсетеді. Мәселе күрделі материалдарды қозғаса, үйлестіруші орындау мерзімін бақылауға алады, кеңселер мен аудармашылар арасында қызметкерлерді біріктіреді.

 4) Мәтіндерді аудару процесінің өзі тақырыпқа сай маманданатын кәсіби аудармашымен Аудармалар бөлімінде жүргізіледі.

«GMC Translation Service» Аударма Орталығы қызметкерлерінің көбінің негізгі лингвистикалық білімнен басқа қосымша білімдері бар немесе ол аударатын салада кем дегенде үздіксіз 5 жыл жұмыс өтілі бар. Сөйтіп, біз кез келген тақырыптағы: заңгерлік аударманы, техникалық аударманы, жалпы әдеби аударманы жоғары деңгейде қамтамасыз етеміз.

5) Қажетті жағдайда мәтін Мәтінді беттеу, теру және түзету бөлімінде өңдеуден өтуі мүмкін. Көп жағдайда қысқа мерзімде үлкен көлемдегі тапсырыстар орындалатындықтан, «тың көзқарас» ең тәжірибелі деген аудармашының да жұмысын тексеруге мүмкіндік береді. Түзеу түзетулерінің кезеңі маңызды болып келеді. Кейін тапсырыс берушінің материалы редакторлармен өңделеді. Мәтіндерді тек қана баспа және сканирленген материалдардан ғана емес, сондай-ақ қолжазбалардан да тереміз. Мәтінді сауатты теру үшін жылдам теру машығымен қатар, тілді жетік білу өте қажет. Беттеу мәтінді, графикалық қойылымдар мен сызбаларды берілген өлшемдегі бетте жинақтауды қамтиды. Беттеу Word, сондай-ақ Ventura Publisher, Adobe PageMaker, Adobe FrameMaker, CorelDraw, Microsoft Publisher және QuarkXPress, Adobe InDesign сияқты стандартты бағдарламаларда жүргізіледі.

6) Куәландыру және заң қызметі бөлімінде Сізді қызықтыратын құжаттарды куәландырудың барлық сұрақтары бойынша құқықтық консультация ала аласыз.

Біздің компания құзыретті және тиімді заңгерлік көмекті келесідей құқық салаларында ұсынады:

  • Шетелде қоданылатын және шетелдік құжаттарды ресімдеу сұрақтары бойынша консультациялар;
  • Бішкектің аудандық және қалалық  АХАЖ бюроларынан азаматтық хал-ахуал құжаттарын сұратып алдыру;
  • Сотталмағандығы туралы, тіркелім, жанұя құрамы туралы анықтамаларды сұратып алдыру;
  • Білімі, тууы, тегін өзгерту туралы және т.с.с. құжаттарды заңдастыру;
  • Құжаттардың көшірмелері мен аудармаларын нотариалды куәландыру;
  • Құжаттарға апостиль қою.

7)  Дизайн-бөлімі арқасында Сіздің қалауыңыз бойынша аударылған материал тек қана электрондық нұсқада ғана емес, сондай-ақ түпнұсқаға сай «дәлме-дәл» безендірілген форматта, түсі мен сапасы дәл сондай қағазда ұсынылуы мүмкін. Сіз өзіңіздің тапсырысыңызды – кітапшалар, кітаптар, жұрналдар, бүктемелер және көптеген басқасын – Сіз таңдаған шетел тілінде ала аласыз.

8)  Сізге ыңғайлы болу үшін Курьерлік жеткізіп беру бөлімінің қызметкерлері Сіздің уақытыңызды үнемдей отырып, тапсырысыңызды қаланың кез келген нүктесіне жеткізіп береді.