• Бас бетке
  • Русский
  • English
  • Кыргызча
  • Қазақша
  • Azərbaycan
  • Ўзбекча
  • Uzbekcha
  • Белару́сский
  • Deutsch
  • Latviešu valoda
  • 中文
  • العربية

GMC

Құжаттардың телнұсқасын алу

Жеке басты куәландыратын құжаттардың телнұсқаларын алу

Құжаттарды қалпына келтірумен байланысты түрлі мемлекеттік қызметтерді алған кезде адамдар түрлі қиыншылықтарға тап болады. Түрлі құжаттардың телнұсқаларын алған кезде бұл жиірек байқалады.

Құжаттарды сұратып алу – бұл шет елде бола тұра құжат берілген мемлекеттік мекеменің бірінен оның телнұсқасын алу процедурасы.

Қызметтің бұл түрі құжатты жоғалтқан, бүлдіріп алған жағдайда құжатты сұратып отырған мекемеге ұсыну үшін қажет. "GMC Translation Service"  Аударма орталығы құжаттардың телнұсқаларын Алматы, Астана (Қазақстан), Бішкек (Қырғызстан), Ташкент (Өзбекстан), Мәскеу (Ресей) және де осы елдердің басқа да әкімшілік орталықтарынан алу, сұратып алу қызметін ұсынады.

Біз осы елдердің аумағынан келесідей құжаттарды сұратып ала аламыз:

• туу туралы куәлік;
•  неке қию туралы куәлік,
• некені бұзу туралы куәлік;
• қайтыс болу туралы куәлік;
• сот шешімі;
• аттестат;
• диплом

Біздің кез келген кеңсемізге, не болмаса сайтта көрсетілген байланыс арқылы хабарласыңыз. Шетелде жүрген болсаңыз менеджерлерімізбен электрондық пошта арқылы байланысыңыз.

Біз Сіздің тапсырысыңызды қабылдап, қысқа мерзімде мәселеңізді шешіп береміз.

Телнұсқа алу үшін Сізге:

• нотариуспен не болмаса консулмен куәландырылған сенімхатты;

• жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін;

• телнұсқасы алынатын құжаттың көшірмесін,егер көшірме жоқ болса, түпнұсқада көрсетілген толық ақпаратты ұсыну қажет.

"GMC Translation Service" Аударма орталығы қысқа мерзім уақыт ішінде сенімхатты жасауға және куәландыруға көмектесетін нотариалдық кеңселер қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Аса маңызды! Құжаттың телнұсқасын сұратып алу не болмаса қалпына келтіру үшін барлық құжаттар орыс немесе мемлекеттік тілде ұсынылуы қажет.

Өзге жағдайларда аударманың нотариаттық куәландырылуын жасау қажет. "GMC Translation Service" Аударма орталығы сондай-ақ осындай мәтінді аудару бойынша қызметті де ұсынады.

Толығырақ ақпаратты Сіз GMC Translation Service Аударма орталығы кеңселерінде ала аласыз:

+7 (727) 250-03-04 Алматы, Астана (Қазақстан),

+996 (312) 90-10-10 Бішкек (Қырғызстан),

+998 (90) 323-00-13 Ташкент (Өзбекстан),

+7 (495) 650-55-41 Мәскеу (Ресей),

Немесе  Бізге жазыңыз

Сіз біздің Аударма орталығымызға хабарласа аласыз, біз болсақ Сіздің жеке қатысуыңсыз құжаттарды қалпына келтіру (сұратып алу) мәселесін Сіз үшін кәсіби түрде шешіп береміз. Егер Сіз басқа қалада немесе шетелде тұрсаңыз, Сіздің уақытыңыз бен қаражатыңызды үнемдеп, Сізді әуре-сарсаңшылықтан құтқару үшін Сіз үшін біздің көмегіңіз сөзсіз қажет болады.